Қандауыр
Бұл бетте «Қандауыр» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тамырын қиып ваннада,
Кеше бір көршім көз жұмды,
Таңдайын қағып таңдана,
Қоңсылар түгел сөз қылды.
Сөз деген не ол?
Сөз деген —
Тірінің қалды ісі боп.
Баурады ма оны өзге әлем, —
Бағамдап жатқан кісі жоқ.
Қасында қанды ваннаның
Қандауыр қалды қылпыған...
Қылғаны шығар Алланың,
Келтірер оған кім күмән?
Өлді де қалды пенде бір,
Тынды да қалды алған дем.
Қоштаса салар жеп-жеңіл,
Өмір-ау, сонша арзан ба ең?
Менің де жолым болмады, ә?!
Тағдырдың басты-ау мысы, әттең...
Жатырмын ойнап ваннада,
Қандауыр қара пышақпен...
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі