Аруақтар

Бұл бетте «Аруақтар» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қоныс болмай ешкімге
Құлазыған ескі үйде,
Құшақтасып отырмын,
Аруақтармен дос күйде.
Көздерінде өшкен от,
Бұлар кімдер?
Есте жоқ.
Кім болса да бәрібір
Енді маған дос керек.
Бұлдыр-бұлдыр өздері,
Былдыр-былдыр сөздері,
Қайдан қолға түсірген
Мен сияқты кезбені?
Тастап жатқан әр жаққа
Қолдары өзі қармақ па?
Аруақты ақын едім ғой,
Айналғам ба аруаққа?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері