Жайдары Филя

Бұл бетте «Жайдары Филя» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сол қыстау қалды жадымда
Ортасындағы орманның,
Қалғыған қамсыз,
Маңында
Шұбырып жымы аңдардың...
Бір дөңбек үйде,
Болмастан
Жеңілдік, шағым, сұрағы,
Ваннасыз, газсыз, әу бастан
Мейірбан Филя тұрады.
Сүйеді Филя хайуанды,
Тамаққа сылқа тойғанды,
Сүйеді Филя сайранды,
Ысқырып әнге салғанды!
Бұл әлем сондай нұрлы, әсем,
Түгі жоқ тіпті жазғырар...
— Үнсізсің неге, Филя, сен?
— Е, не бар сонша сөз қылар?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері