Күн батқанда
Бұл бетте «Күн батқанда» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құбыланың қабырғасын қақырата сөгіп,
Қанды Ганганы қалаға шашырата төгіп,
Қоламтасынан соңғы рет жасын ата сөніп,
Күн ұйқыға құлады.
Жұрт аяғы көшеде жаңа басылғасын,
Тағы бір оқиғаның парағы ашылғасын,
Полицияның міне сап қара машинасын,
Кеш дыбыссыз түсті.
Бөлмелерді жүрді аралап дамыл алмай,
Шамды жаққанда
қара ала қабыландай,
Ашық терезеден далаға жаны қалмай,
Қараңғылық секіріп кетті.
Терезеге келдім де, пердені ысырдым,
Шарпыды ып-ыстық дем мені,
Қысылдым,
Еліктей еркелеп келгенін түсіндім
Үргедек қоңыр кеш.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі