Махаббат — қолшатыр
Бұл бетте «Махаббат — қолшатыр» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған махаббат туралы өлең берілген.
Қара жауын құйғанда сорғалап-ақ,
Қолшатырын ашып ел қорғаламақ.
Жауын тоқтап,
Жаһанға болса тыным,
Жұрт та жинап қояды қолшатырын.
Түгесіліп тынымсыз тамшылары,
Аспан түгел айығып,
Аршылады.
Махаббат — сол қолшатыр!
Жұртты қорғап,
Малмандай боп суға өзі малшынады!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі