Байдың қақпасы
Бұл бетте «Байдың қақпасы» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Атам өтсе бұл қақпаның қасынан,
Қорқып-сасып,
Өзді-өзінен жасыған.
Бұл қақпаны әкем өтіп айналып:
«Бағы бар!...» — деп күрсініпті ойланып.
Жасқанбай-ақ,
Күрсінбей-ақ мен де өткем,
Неден қорқам,
Мұндай қақпа көрмеп пе ем?
Балам болса,
Дүңкілдетіп қақпаны:
«Боққарын бай жойылсын!» деп жатқаны...
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі