Көгершін
Бұл бетте «Көгершін» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көгершін,
Қалай мұнда тап келгенің?
Мен дағы сен сияқты жат жердемін.
Дән бе әлде,
Тыныштық па, ап келгенің,
Қол созым отырсаң да шап бермедім.
Аспанын дүниенің көктеп, құсым,
Тұқымын тыныштықтың сеппекпісің?
Жападан жалғыз өзің
Мен сияқты,
Өмірдің құпиясына жетпекпісің?
Бір шөкім шүйке бұлттай періштем-ау,
Анамның демі болып өппекпісің?
Жүректің лүпіліндей елгезегім,
Мазасыз мен де сендей жер кеземін.
Сен білсең,
Бұл дүние құс секілді,
Айтпастан ұшып кетер елге жөнін.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі