Романсқа еліктеу

Бұл бетте «Романсқа еліктеу» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Терезеңді аш.
Арайлап,
Таң атты міне кәдімгі.
Күлімдеп көзі бар аймақ,
Қараңғылықтан арылды.
Үлгірмей жатып сырласып,
Барлығы бірден өзгермес,
Қамыға берме құр жасып,
Сандалтпай қыздар сөз бермес.
Қолымнан келсе көрмек ем,
Сыр тартып сенен оңаша.
Үлкенсің біраз сен менен,
Ойнайын десем балаша.
Терезеңді аш.
Таң атты.
Шырақты таста өшіріп,
Жаңғыртып бүкіл алапты,
Күлейік енді қосылып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері