Асқынған кезде қоғам мен ғасыр кеселi
Бұл бетте «Асқынған кезде қоғам мен ғасыр кеселi» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Асқынған кезде қоғам мен ғасыр кеселi,
Айқайлап шыққан арысты жасын деседi.
Ақиқат өлiп, арамдық жайлаған елде
Ақынның тiлiн кеспейдi, басын кеседi.
Билiктiң тұрсын қолында құдiрет мейлi,
Бәсiне боздақ басының құны жетпейдi.
Бұрқырап аққан қаны да айналар жырға,
Басынан басқа ақынның түгi кетпейдi.
Алды-артыңа да қаратпас айдабол заман.
Ақжайықтайын бұрқырап қайнаған ғалам.
Ақиқат үшiн, ар үшiн аттандап шапқан
Ақынның басы, апыр-ау, қайда қалмаған?
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі