Сіз – көктен түскен самауи
Бұл бетте «Сіз – көктен түскен самауи» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сіз – көктен түскен самауи,
Біз – жерде жүрген бәдәуи.
Белшеден баттық күнәға,
Бермеген соң сана-ми.
Сау басты салып саудаға,
Сан ұрдық тасқа, тауға да.
Сайтанды қосып сауғаға,
Сандалып жеттік тәубаға.
Біз кірмеген дау-шар жоқ,
Біз татпаған кәусар көп.
Арманда кетіп барамыз,
Ақ өлімге аңсар боп...
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі