Зайсан
Бұл бетте «Зайсан» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Зайсаным – Қазақстан қақпасындай,
Құлыбы берік тұрған жатқа ашылмай.
Мен сені мәңгі-бақи жырлап өтем,
Жүректің қобдиында хат жасырмай.
Жерұйық, жаннат Зайсан, пейіш Зайсан,
Ғажайып, кереметтің аттасындай.
Мұхитқа құятұғын Ертісі бар,
Толқыны тулап аққан көп ғасырдай.
Тоныкөк, Күлтегіннің туған жері,
Тарихты тіліп өткен от-жасындай.
Орман-тау, өзен-көлдің сұлулығын,
Санасаң қалып қояр шотқа сыймай.
Жүрегім туған жерді сағынғанда
Ериді Самарқанның көк тасындай.
Бір шөкім Зайсанымның топырағын
Бермеймін алтынға да ат басындай!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі