Жүрсін Ерман
Бұл бетте «Жүрсін Ерман» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өлең-жыр тыншын алған Жүрсін Ерман,
Жүрегі жын адасар тылсым орман.
Басталған Құлжанбайдан бір дария
Көңілдің шөлейтіне гүл шығарған.
Сизифтің тағдырына басын тігіп,
Қазақтың тасын тауға кім шығарған?
Айтысқа арып-ашып арық қазып,
Ол – Қыпшақ Сейітқұл ғой құм суарған.
Абайсыз тамып түскен алтын тамшы
Абай мен Махамбеттей жыршылардан.
Жырына жүрегіңнің құрышы қанған,
Бағасын бір балаңның білші, жалған!
Қозыдан – серт, Қодардан қырсық алған,
Қолында Қобыландының қылышы қалған,
Ей, жігіттер, болыңдар Жүрсін Ерман,
Бола алмаған жамандар жүрсін әрман!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі