Төретам
Бұл бетте «Төретам» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жеңіс Сейдоллаұлына
Төретамда жидеменен,
Жыңғыл гүлдеп жатқан шақ.
Жылда туған үйге келем,
Қайран сәби шақты аңсап.
Біздер үшін буған белін,
Анамды аңсап келемін.
Тамыр тартқан туған жерім,
Қай жұмақтан кем едің?
Қайран іні, қарындастар,
Қанаттанам сендермен.
Бауыр, достар, ауылдастар,
Бойыма күш, дем берген.
Туған жерім – шапағатым,
Зердемдегі зер кілем.
Ең алғашқы махаббатым,
Таңғы шықтай мөлдір ең...
Төретамда дала гүлін,
Самал сүйіп жатқан шақ...
Қайда менің бала күнім,
Іздесем бе аттан сап?!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі