Баянсыз неткен

Бұл бетте «Баянсыз неткен» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Баянсыз неткен
Өмір – тақ? –
Күздің де күні таусылды.
Тасқала тартты қоңылтақ,
Сағынып сенің даусыңды.
Қараша кетті, қыс келіп,
Қыс келгенінен не пайда?
Қара жер жатыр түс көріп,
Түс көргенінен не пайда?
Өмірдің өзі – сахна,
Ойнайды Ажал басты рөл.
Жығылды рух ақ ұра,
Жанардан аққан жасты көр.
Аспанмен мен де астасам,
Боз қырау болып терезем.
Сарқылу білмес ешқашан
Сағыныш түсті сары өзен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері