Құтырдық
Бұл бетте «Құтырдық» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құтырдық,
Құмарлықтың қақтық шаңын,
Қызықтың майын ішіп, жақтық шамын.
Жүрегім неге, бірақ шымшылайды,
Жадыма оралғанда жастық шағым?
Мен қалай мұңал кезді айыптайын?
Мүбәрак мұңасамды байыптайын.
Көңілім неге, бірақ орнықпайды,
Ескегі суға кеткен қайықтайын?
Өзектің бір өкініш түкпірінде,
Өрекпіп өлпеңдегі шық тілінде,
Шыңғырып, өлгенінше шырқыраса
Шалатын құлақ қайда түп-түбінде?
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі