Өтті ғой өзгеше жаз, өзгеше күз
Бұл бетте «Өтті ғой өзгеше жаз, өзгеше күз» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Өтті ғой өзгеше жаз, өзгеше күз,
Кетті ғой елге есеміз, сөзге есеміз.
Сен мені ақын ғой деп қорашсынба,
Біз әлі кездесеміз,
Біз әлі кездесеміз
Жер астында!..
Көңілің бір ұйтқыса толастар ма?
Арындар көк дөненің дөң асқанда.
Біз әлі кездесеміз,
Біз әлі кездесеміз,
Біз әлі кездесеміз
Көк аспанда!..
Бір ғасыр көріспеппіз кем дегенде,
Өзгеріп кетіппіз ғой сен де, мен де.
Біз әлі кездесеміз,
Біз әлі кездесеміз,
Біз әлі кездесеміз
Пернелерде...
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі