Ақжайық аруы
Бұл бетте «Ақжайық аруы» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көз қандай,
Келбет қандай, шырай қандай,
Көркiнен күннiң өзi нұр алғандай.
Аш белi ақ қайың боп бұралғандай,
Өлеңге өзi келiп сұранғандай.
Апталған айдан аппақ мынау маңдай,
Қызықпай қарау қайда, құмарланбай.
Қылығы –
Құс аузынан гүл алғандай,
Тұнығы –
Жұлдыздарды суарғандай.
Сезiмi –
Ақжайықты бу алғандай,
Көңiлi –
Желбiретiп ту алғандай,
Тiлеймiн жан тәнiммен, күмән қалмай
Сол Жайық қалса екен деп ылайланбай...
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі