Қайыспас қайың
Бұл бетте «Қайыспас қайың» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Нұртас Исабаевқа
Дүние жерге айналып түскен ұршықсыз,
Шіліңгір шөлде кірпіктен құлар ыршып тұз.
Сарқылмай қалған бір бұлақ болса жапанда
Ол сенің ғана бұлағың болар кіршіксіз.
Қатыгез тағдыр заңдарын мейлі ұқтырсын,
Ықтырсын кейде, сесімен бізді бұқтырсын.
Сүрініп біздер, жығылып-тұрып жүргенде
Қайыспас қайың, майыссаң дағы нық тұрсың.
Құзырлы шағың құшағын саған жұрт ашқан,
Ғұмырлы жасың жаныңда дария жыр тасқан.
Мылтықсыз мірден мертіккен біздің ұрпақтың
Ғарасат көрген парасатысың, Нұртасжан!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі