Құр құдық
Бұл бетте «Құр құдық» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құрығына көнбей құлдықтың,
Сырығына төзбей сұмдықтың,
Ар үшін безіп жанынан
Арманда кеткен мұңлық кім?
Обаған көмей жебір жер,
Оны да ойсыз қылғыттың.
Құдыққа солай құлады
Құланы күллi құрлықтың.
Құдықтың қуыс түбінен
Ұмтылған Айға шындық – шың;
Қайрылар бізге түрі жоқ
Құмартса дағы кіл мықтың.
Кәусарын берер сол құдық,
Жылжыса жылдар, сырғып күн.
Таза ақыл менен жүрексіз
Бар ма екен құны тірліктің?
Әркiмнiң жаны – құр құдық,
Түбiне қандай сыр бүктiң?
Ішіңнен қазған құдыққа
Кімді әкеліп, кім жықтың?
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі