Ұйқы

Бұл бетте «Ұйқы» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өзiме

Ұйқы деген – өлiмнiң баспалдағы,
Өрмелейсiң орныңа аспандағы.
Оянасың өмiрге ғашықтықтан
Өлiктердiң – ояну басты арманы.
Өмiр – ұйқы,
Өлгенде оянасың,
Өлi ұйқыға қалайша тоя аласың?
Бiрде тәттi түс көрiп, бiрде сұмдық,
Жазмышыңның татасың қоябасын.
Өлiмiсiң Сен өзiң, тiрiмiсiң,
Көп өлiктiң, жоқ әлде, бiрiмiсiң?
Қайран ата-бабамыз қалдырған ба
Тұқым етiп өзiне тiрi мүсiн?
Көлеңкелер жарықты буындырып,
Лақтырады түнекке туын жығып.
Уын құйып қаныңа ұйықтатады
Жүрегiңдi әлпештеп суындырып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Қуандықова Э.

Зор, күшті әсер беретін өлең екен

Осы автордың басқа өлеңдері