Тереземді жаппаймын
Бұл бетте «Тереземді жаппаймын» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Терезенi жапшы дейсiң,
Жаппаймын,
Жабуға да батпаймын.
Жауып қайтем, ашық тұрсын, досым-ау,
Табиғаттың барлық көркi осынау.
Ашық тұрсын сұлулықтан несiбе,
Мен өзiмдi бөлем одан несiне.
Балғын қайың шашын өрсiн бөлмеме
Көбелектер қонақтасын төсiме.
Тереземнен үйге кiрсiн шың-құздар,
Жанарымнан от ұрласын жұлдыздар.
Мен жаппаймын тереземдi дәл бүгiн,
Жас тәнiмдi өпсiн менiң түнгi ызғар.
Өпсiн менi аппақ ернi Айдың да,
Ұмыт болсын бiр сәт барлық қайғым да.
Мен жатайын рахаттан талықсып
Өзiм туған табиғаттың қойнында.
Бөлшегiмiн табиғаттың өзiнiң,
Терезеден төнсiн оның көзi мың.
Күннiң нұры оятқан соң қытықтап
Қоңырауын қақсын таңда сезiмiм!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі