Сауыр тауға шыққанда
Бұл бетте «Сауыр тауға шыққанда» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көлеңке жұлдызды тығылды ұрлап,
Шыңырауға ептеп кiрiп.
Күн шықты шығыстан туын бұлғап,
Жал-құзды ерттеп мiнiп.
Жантайған жотаны күн-батырдың
Семсерi турап, тiлген.
Бозторғай беткейде жырлап тұрды
Беттегi сияқты мең.
Сұңқарлар сұңқылдап көз iлмедi,
Тауына ән арнады.
Отымды үрледi көзiмдегi
Сауырдың самалдары.
Өстiм-ау осы таудың төменiнде
Ойнақтап жорға тайдай.
Ал оны жүрмiн әлi өлеңiмде
Мен бiрақ ойната алмай.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі