С мен Ш
Бұл бетте «С мен Ш» атты Талап Таймасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сергітейік сананы,
Сырғанатып шананы.
Таудың соққан самалы,
Соқпай тұр-ау, шамалы.
Көл жағасын сағала,
Көлде көп қой шағала.
Тәтті қант та, секер –
Қайнатылған шекер.
Мынау күшік сабалақ,
Көп үретін – шабалақ.
Көп баққан-ау сиырды,
Топайды атып, шиырды.
Ұлы біздің Сәкен де,
Ұлы және Шәкен де!
Ғажап судың сырылы,
Құстың әйбат шырылы.
Өмір-өзен сағасы –
Адам, бала-шағасы!
Көк құрақта сабақ,
Көк теңізде шабақ.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі