Қарашада көк өскін
Бұл бетте «Қарашада көк өскін» атты Талап Таймасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарашаның қалтырап
қатқағында,
Тұнжырайды батқандай
бақ та мұңға.
Жалтырайды әр жерде айна мұздар,
Өрнектелген түрліше бақ қағында.
Қара суық қапсырып
мұз қаптаған,
Шытынайды қара жер
сыз жақпаған.
Қара ағаштар жамылып қалың ұйқы,
Қалың тоңмен тамырын мұздатпаған.
Қалыңдаған қасы да
қара күздің,
Қарқылдайды тек қана
ала құзғын.
Көк мұз асты көк өскін бой көтерген,
Жасыл тіптен бейнесі балаң іздің.
Тоңын жарған оиатып
күзін керең,
Көк өскіндер – өскіндер
үзілмеген.
Жадыраған жаз ғұмыр жатырқаса,
Тоң тағдырдың жетілер ізінде өрен.
Қалың мұзын жамылып қарашаның,
Сұрамай-ақ шуағын
арашаның.
Көк өскіндер өседі тамыр тіктеп,
Қара астында қатайтып бала шағын...!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі