Тұсау кесу тойы
Бұл бетте «Тұсау кесу тойы» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жас сәбиге тойың көп,
Ойлай берсе ойың көп.
Сол тойыңа соятын —
Болса болды қойың көп.
Талпынғанда балапан,
Соғылады алақан.
Батыл басса бір қадам,
Басталады тамашаң.
Қаз-қаз басса мәз болар,
Сәби күлсе жаз болар.
Қаз-үйрекке қонатын
Тайыз суда саз болар.
Сөз байламын шешейік,
Тұсау жібін кесейік.
Қадам бассын өмірге,
Жігіт болсын есейіп.
Құттықтаймыз талабын
Торсық шеке баланың.
Талай суды ол кешер,
Түріп алып балағын.
Алға бассаң — ерінбе,
Асулардан шегінбе.
Алғаш қадам тіредің,
Аяқ басып өмірге.
Елгезек бол талапты,
Ұшсаң — құстай қанатты.
Мектепке алғаш барғаннан
Беске оқы сабақты.
Самал желпіп тұлымың,
Шапсын жүйрік құлыным!
Тұсау кесу тойының,
Кел, көрейік қызығын.
Ала жібін сайласын,
Әжей өзі байласын.
Көрші, туыс қызықтап,
Мерекедей тойласын.
Тәй-тәй басып тұрмасын,
Машинадай зырласын.
Тұсау жібін кесейік,
Таста жиып арбасын!
Өссін жылдам есейіп,
Ата өмірін жалғасын!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі