Балабақша көңілді
Бұл бетте «Балабақша көңілді» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Зейін қойып қарасаң,
Балабақша тамаша!
Алуан қызық айтулы –
Сан жетпейді санаса.
Бірі мінсе ағаш ат,
Жасап алар қайықты.
Көңілі соны қаласа,
Аулайды олар балықты.
Жанат алса қуыршақ,
Майгүл оны қызғанып,
Бұртияды сол бір сәт,
Ойынын бұзып бір қалып.
Жайық – болып құлыншақ,
Жүгіреді топ жарып.
Желбірейді тұлымшақ,
Кекіл шашын жел қағып.
Ыстық өскен ортасы,
Балабақша таңы да.
Осы жерден қаншасы
Қанаттанар тағы да.
Әзірленіп мектепке,
Әріптерді үйреніп,
Еңбектеніп тер төксе,
Достарына қол беріп,
Өнегесін көрсетсе –
Қуанамыз көз көріп...
Арайланған нұр таңы
Шұғылаға бөлеген.
Мәпелеген зер салып,
Отан-ана көреген!
Балалардың бал шағы,
Балабақша не деген?!
Жеке-жеке ән салып,
Қызығымен жебеген.
Балабақша, гүл бақша!
Тәрбиесін ел мақтар!
Балабақша бірақ та...
Оралмайды құндаққа.
Балабақша, гүл бақша –
Кел, сәбилер, тау жаққа!
Ботақандай, құлындай,
Шеттерінен сүйкімді
Ұлдарым да, қызым да
Билеп әбден еркімді.
Содан осы қызулы –
Жүрегімнен жыр туды.
Асыр салған лақтай,
Томпаңдаған қозыдай.
Қоймас сені қуантпай,
Балдай тәтті сөзін-ай!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі