Жүр, бөпем!
Бұл бетте «Жүр, бөпем!» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әй-әй бөпем,
Әй-бөпем.
Тәй-тәй жүрсең,
Кел, көкем.
Нық-нық басып,
Ерлесең.
Аунамас ең
Жерге сен.
Кетпесең де
Безектеп.
Бас аяқты
Кезектеп.
Сонда айтайын өзіңді –
Сүйкімді, аппақ
Көжек деп!
Жалтақтама
Жан-жаққа.
Мығым атта,
Қорықпа.
Қасыма еріп,
Шық сыртқа.
Мақтанайын –
Мен жұртқа.
Бас аяқты –
Нық тұрып!
Жүргеніңді –
Ұқтырып!
Бойды биле,
Тік тұрып!
Алға!
Алға!
Ақырын.
Жүрек-етім –
Жарқыным!
Жайнаңдашы –
Жаз болып.
Байпаңдашы –
Қаз болып.
Біз қалайық –
Мәз болып!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі