Балбұлақ
Бұл бетте «Балбұлақ» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Балбұлақ-ау,
Балбұлақ!
Болса өзіңдей
Бар бұлақ?
Сенен күнде сусындап,
Секіріп жүр жарға лақ.
Мөлдірлігің бір сымбат,
Нуға,
Гүлге –
Сен қуат!
Шөлдегі елге –
Бер қуат!
Қайнар көзің атқылап,
Еркелей бер шапқылап!
Сыңғырлай бер, ақбұлақ!
Балбұлағым –
Бақ бұлақ!
Жағаң жайлау –
Көк құрақ!
Мал азығы –
Шөп құрақ.
Сеніменен біздер де
Жарысамыз шапқылап!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі