Балдырған
Бұл бетте «Балдырған» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Балдай тәтті балдырған,
Жүрек отын жандырған.
Балапандай томпайып,
Мейіріміңді қандырған.
Күлкісі де бөлекше,
Қылығы да ерекше.
Үйдің ішін мәз-мейрам,
Көңілді етер, керексе,
Доп қууға құмар-ақ,
Бірін-бірі қуалап...
Мақтап қойсаң, қол соғып,
Тақпақ та айтар тұра қап.
Таудай оның талабы,
Тез байқағыш, ғажабы.
Алма жүзі нұрланып,
Құлыншақтай шабады.
Келмесе де, бұзаудың
Суретін ол салады.
Еркелетсең, жылаудың
Амалын да табады.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі