Аттанды Жанат қалаға
Бұл бетте «Аттанды Жанат қалаға» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Білсеңдер біздің Жанатты,
Көлігін жолға жаратты.
Шанаға жегіп күшікті,
Парлады оған мысықты.
Мысығы шабан – жүрмеді,
Күшігі алға сүйреді.
Қырсығып тартпай қойса да,
Біріне Жанат тимеді.
Шанасы әсем күймелі,
Жібек бау таққан түймелі.
Көңілі қалып Жанаттың,
Бұл қылығын сүймеді.
Ауыл мен қала арасы,
Он адым жер шамасы.
Күшік пен мысық тіресіп,
Басылмады таласы.
Қалғаның жолда жаманы-ай,
Сапарға қалды жарамай.
Жанатжан отыр өкпелеп,
Мысығына қарамай.
Күнде осылай ойнайды,
Ойынға әсте тоймайды.
Ойыншығын түгендеп,
Бір бұрышқа ысырды,
Қойғандай-ақ жүгендеп.
Олар да мұны түсінді.
Біздің Жанат осындай,
Ойыншықтары досындай.
Көптен бері бірақ та,
Бастары жүр қосылмай.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі