Балабақшада
Бұл бетте «Балабақшада» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Балабақша тегіс,
Бітіргендей көп іс.
Түскі ұйқыға жатты,
Ұйқы қандай тәтті!
Тұрып бетті жуды,
Ұйқыларын қуды.
Тәтті тамақ алып,
Ішті әбден қанып.
Келді ойынға кезек,
Шеттерінен өжет.
Бірі ұнатып биді,
Бірі тыңдар күйді.
Күн көңілді өтті,
Кеш те келіп жетті.
Қосылып ән айтты,
Үйлеріне қайтты.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі