Көңіліміз күнде өсіп
Бұл бетте «Көңіліміз күнде өсіп» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көк шыбықты ат қылып,
Құлыншақтай құлдырап.
Жасамайды жат қылық,
Тез сөйлейді былдырап.
Мінезі де бөлекше,
Қыңқылдауды білмейді.
Тәттіні де керексе,
Ол сұраусыз жемейді.
Зеректігі ерекше —
Бейне үлкендей сөйлейді.
Сыйға тартсақ қайықты,
Жіпке байлап алады.
Жүздіргендей балықты,
Арыққа әкеп салады.
Неге болсын ынтасы
Күннен-күнге артады.
Банкіменен су тасып,
Гүлге құяр ол тағы.
Өзінше ән сап, шырқатып,
Мінезімен тартады.
Ертең өсер ер жетіп,
Аты әйгілі ел күткен.
Айтамыз ғой гулесіп...
«Жайық ер» деп біз көппен.
Көңіліміз күнде өсіп
Отырмыз бөбекпен.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі