Ай санау

Бұл бетте «Ай санау» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Біз ақылды болайық,
Дос көңілін табайық.
Он екі айды алайық,
Бір-біреулеп санайық:

Қаңтар,
Қаңтар,
Қаңтар, қарды ақтар.

Ақпан,
Ақпан,
Ашулы аяз, сақтан.

Наурыз,
Наурыз,
Жұпар шашты жалбыз.

Сәуір,
Сәуір,
Туды жаңа дәуір.

Мамыр,
Мамыр,
Тереңдеді тамыр.

Маусым,
Маусым,
Қатты шығар даусың.

Шілде,
Шілде,
Жеміс-жидек
Көп болды ғой мүлде.

Тамыз,
Тамыз,
Қызу еңбек аңыз.

Қыркүйек,
Қыркүйек,
Біліміңе бір тиек.

Қазан,
Қазан,
Кетпесін тек мазаң.

Қараша,
Қараша...
Күзің қандай тамаша!

Желтоқсан,
Желтоқсан,
Қатуланып кел, тоқсан,
Бірде қарлы борасын,
Бірде аяз қонасың.
Сүйтіп жүріп бір жылдың
Қайырады тобасын.

Он екі айды санадық.
Санадық та тарадық.
Кедір-бұдыр көңілдің,
Ащы-тұщы өмірдің
Ақтардық та бар сырын,
Жақсылыққа баладық.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері