Ақ әжем
Бұл бетте «Ақ әжем» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған әже туралы өлең берілген.
Аппақ әжем,
Ақ әжем!
Мұнтаздайын —
Таза әжем!
Жатқанда айтып,
Ертегі.
Көңілімді
Ерітеді.
Бір айтқанын
Екі айтпай,
Неше түрін
Ертектің —
Тамсантып бір
Шертеді.
Ертектері —
Пай-пай-пай,
Бірінен —
Бірі өтеді.
Ақ әжемнің жаулығы,
Не қилы жыр шертеді.
Мен өзімше ал мұны,
Демекпін кеме
Желкені.
Тоғыз онды қосқанда,
Әжемнің жасы шығады.
Болса да әжем тоқсанда,
Көзі әлі қырағы.
Қайратты деп мақтауға
Біздің әжем тұрады!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі