Санау білсең жақсы ғой

Бұл бетте «Санау білсең жақсы ғой» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ақ қозым — алтау.
Қара қозым — жалқау.
Көк қозым — төртеу,
Қоңыр қозым — жетеу.

Ботақаным — жалғыз,
Бұзауқаным — екеу.

Бақшада бар қарбыз,
Бір желіде бесеу.
Кел, санайық ал біз,
Он желіде нешеу?

Екі-екіден егіз —
Лағым бар — сегіз.
Шапсаң жүйрік тұлпар,
Құлыным бар сұңқар.

Көжектерім көп-ақ,
Бас-аяғы он-ақ.

Шеттерінен семіз,
Қаздарым бар тоғыз.

Болмай босқа тентек,
Тыңдағандай ертек.
Дұрыс сана сен тек,
Бәрін қоссаң жүз төрт.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері