Ақтөсім
Бұл бетте «Ақтөсім» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Асыр салып аулада
Шапқылайды күшігім.
Түк сезбес деп ойлама,
Иісін сезер кісінің.
Шәуілдейді долдана,
Айбат шегіп,
Ісініп.
Таң қаларсың
Күні ертең
Үлкен ит боп кеткенде.
Қой қораны күзетер,
Қыста,
Жазда,
Көктемде.
Ақтөсімді құр бекер, —
Маубас,
Аңғал, —
Деп күлме.
Жатпайды ол түні бой,
Таңға дейін үреді.
Кім келсе де, біздерге
Дереу хабар береді.
Соншама сақ Ақтөсім,
Бізге де сол керегі.
Қасқыр алар өскесін, —
Десем жақсы көреді.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі