Шырша жыры
Бұл бетте «Шырша жыры» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тыңдап, құлақ салыңыз,
Жасыл шырша — сәніміз.
Жаңа жылдың жақсы әнін
Кел, шырқайық бәріміз!
Жарқыратқан нұр шамын,
Әдемісі-ай шыршаның.
Түрлі ойыншық тағынып,
Келтіріп тұр жыл сәнін.
Аю, Қоян, Түліктің —
Келтіруі-ай күлкіні.
Бұтақтарда қалқыған,
Көрсең Балық, Кірпіні.
Ақ тиін мен Маймыл да,
Жүзгендей бір айдында.
Жанып тұрған сан жұлдыз,
Сәуле төккен ай мұнда.
Айтса атамыз ертегі,
Көңіліміз елтеді.
Жыл кешінде ән салып,
Домбыра да шертеді.
Ойыншықтар жалтылдап,
Көз тартады жарқылдап.
Қуыршақ та тіріліп,
Отыр, әне, ән тыңдап.
Жылдан-жылға есейіп,
Біз де өзіңмен өсейік.
Тыйылмасын күлкіміз,
Бейбіт күнді кешейік!
Белестерден асайық,
Тағы бір жас қосайық.
Құтты болып қадамың,
Жаңа бақыт тосайық!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі