Бала мен тай
Бұл бетте «Бала мен тай» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған бала туралы өлең берілген.
Тайына айтты балақай:
— Ей, қара тай, қара тай,
Өз қолыммен жемдейін,
Аяғыңды емдейін.
Күнде күтіп, қарайын,
Кекіліңді тарайын.
Құйрығыңды сүзейін,
Шоңайнасын үзейін.
Көлге апарып жуайын,
Тал бойыңды сылайын.
Ер-тұрманды түгендеп,
Содан кейін жүгендеп,
Мініп алып шабайын,
Жоғымды іздеп табайын.
Желдей есіп желейін,
Шабысыңды көрейін...
Тайы сонда қуанды,
Бала сөзін құп алды:
— Өз қолыңмен жемдесең,
Аяғымды емдесең,
Керегіңе жараймын,
Сені досқа санаймын.
Шабам десең — шабамын,
Жоғыңды іздеп табамын.
Мен өсейін күлік боп,
Сен дағы өсші жігіт боп.
Бір-біріне сай ғана
Түсіністі тай — бала.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі