Бозторғай
Бұл бетте «Бозторғай» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көрер көзге —
Сүйкімді,
Монтиясың, Бозторғай.
Ертеменен ұйқымды —
Сен ашасың, Бозторғай!
Табиғаттың еркесі —
Әлде сен бе,
Бозторғай?
Әнге салып ертесін,
Шырылдайсың сен талмай.
Көктем келсе —
Көңілің
Кәдімгідей өседі.
Еркіндікте өмірің —
Не қызықты кешеді.
Жырлағандай даланы,
Құбылтасың даусыңды.
Кейде келіп қаланы,
Аралайсың тартымды.
Бағананың сымында
Отырасың топ болып.
Неше алуан әуенге —
Қосыласың көп болып.
Жүрек қылын шертесің,
Шымырлатып денені.
Әуеніңе елітіп,
Бәрі құлақ түреді.
Пәң даланың бозындай,
Аумай қалған —
Боз түрің!
Монтиғаның қозымдай,
Елге бөлек сүйкімің.
Әннің аты —
Бозторғай,
Не ғаламат сиқырың?!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі