Ақ тиін

Бұл бетте «Ақ тиін» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бұтақтардан-бұтаққа
Секіреді ақ тиін.
Жапырақты құшақтап,
Дыбыс сезгіш сақ тиін.
Жаңғақтарды ұсақтап,
Жеміс жеуге шап, тиін.

Адам құсап шоқиып,
Отырады олар да.
Қос құлағы шоштиып,
Мәз бұтаққа қонарда.

Құйрығы ұзын өзінен
Бұлғақтаған артында.
Мөлдір қара көзінен
Қанығасың бар сырға...

Ну орманның еркесі,
Асыр салған алысып.
Секілді ешкі бөртесі,
Қуаласқан жарысып!

Шеттерінен әдемі,
Ішік киген үлпілдек.
Мекені орман ежелгі,
Жорытады бүлкілдеп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері