Кірпі
Бұл бетте «Кірпі» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тұмсығы бар түймелі,
Ішігі бар инелі.
Төрт аяқты мақұлық,
Секілді бір күймелі!
Жыланды да, кез келсе,
Инесімен түйрейді.
Тістеп алып, мазақ қып
Құйрығынан сүйрейді.
Инесімен қайрат қып,
Зиянкесті сүймейді.
Берсең жейді жұмыртқа,
Ешкімге өзі тимейді.
Сүйкімді ол бар жұртқа,
Тиіскенді түйрейді.
Болмаса да қайратты,
Азулы одан түршігер.
Инесімен айбатты —
Бұл кірпілер
Көрсетеді қайратты.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі