Қара қозы
Бұл бетте «Қара қозы» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қара қозы — қара көзі,
Дауысы нәзік, бала өзі.
Шөпті жұлып жемейді өзі,
Тек енесін емсем дейді.
Күн ұзаққа елеңдейді,
Күн шуақта көлеңдейді,
Тек енесін көрем дейді.
Қара қозы — қара көзі,
Жаутаң қағып, елеңдейді.
Бесікке сап, жұбатар ем,
Әттең-әттең, бөленбейді.
Көйлек тігіп, қуантар ем,
Бірақ оны кие алмайды,
Көйлек киіп жүре алмайды.
Тәтті беріп уатар ем,
Оны жемге теңгермейді.
Тыңдаса ертек, күнде айтар ем,
Адамша ол тіл білмейді.
Тек өзінше маңырайды.
Шықса өріске — жамырайды...
Өсіп-өніп, орта толсын.
Елімізге
Ырыс болсын!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі