Домбыра

Бұл бетте «Домбыра» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

О, домбыра,
Домбыра!
Құлағыңды
Мың бұра!
Күйді де төк,
Әнді де айт,
Шықсын даусың
Жаңғыра.

Пернелерді басқанда
Безілдесін қос ішегің.
Сұңқарларша аспанға
Самға,
Талма —
Ел үшін!

Көңілді өзің ашқанда,
Қол соғамыз — сезесің.
Сол үшін де дастанға
Кейіпкер боп келесің.

Бабамыздың көзіндей,
Өсиетті сөзіндей.
Қадір тұтып,
Қастерлеп —
Өмір бақи өтерміз.
Мұратқа да
Өзіңменен жетерміз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері