Демаламыз тамаша
Бұл бетте «Демаламыз тамаша» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қуандырып жаз келді,
Шуағымен мәз келді.
Келді бөлеп думанға,
Аққу,
Үйрек,
Қаз келді!
Көз жүгіртсең бар маңға,
Дала жасыл түрге енді.
Лагерьде бар бала
Шырқатамыз әнді енді!
Жасыл жаға,
Көл,
Теңіз...
Гүлге орнаған өлкеміз.
Өлең айтып, би билеп,
Әсем күйді шертеміз.
Демаламыз тамаша —
Біз бақытты еркеміз!
Іргемізде көл жатыр,
Жағасында ақ шатыр.
Жорыққа сап түзеген —
Оқушылар жас батыр!
Бүркіттейін түлеген —
Қайтпайтұғын қас батыр!
Балық аулап,
Шомылып,
Өзен бойлап —
Тынығып.
Табиғатпен танысып,
Аралаймыз қызығып!
Қыстақ,
Ауыл,
Даладан,
Келген достар —
Қаладан.
Топ-топ болып ойнаймыз,
Тапсақ ойын қалаған.
Торғайларша шулаймыз,
Келсе біреу жаңадан...
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі