Құстар қиқуы

Бұл бетте «Құстар қиқуы» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сары түске боялып,
Сарғыш тартып жапырақ.
Суығаны су анық.
Құстар қайтып қиқулап,
Жылы жаққа шығарып
Құстың тобын там-тұмдап.

Қараша қаз, тырналар —
Тізбегімен ырғалар.
Күзге жасап сазды наз —
Кетер беріп бір хабар.

Келер көктем, келер жаз —
Туған жерге оралар.
Бүлдіршіндер болар мәз —
Қарқылдаса қарғалар.
Көлде қызғыш,
Аққу, қаз,
Көл еркесі саналар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері