Қаз
Бұл бетте «Қаз» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Маң-маң басқан қазбын,
Ыстығында жаздың
Мекендедім өзенді —
Ол әдетім ежелгі.
Аузым — шалғы орағым,
Жасыл шөпті орамын.
Судан жеймін балдырды,
Табылады тамағым.
Атым көпке аян-ды,
Елемеймін аязды.
Мені бөгер суық па?
Жаным кірер суыққа.
Сықырлатып ақ қарды,
Қарсы аламын ақпанды.
Мен емеспін ықтаған,
Бораннан да ықпағам.
Айтшы, неден жасқанам,
Төсеп қарды жастанам!
Бауырымның қызуы
Ерітеді мұзыңды.
Қыстың қатты суығы
Семіртеді өзімді.
Маған ұқсап шынық та,
Шыдамды бол суыққа!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі