Әсем көл аясы

Бұл бетте «Әсем көл аясы» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шалқар көл төсінде,
Шуласып бесінде,
Басады қиқуға —
Алуан құс кешінде.

Жағасы бал құрғақ,
Көл жатыр маужырап.
Мөлдір көз секілді,
Қарайды жаудырап.

Суында шабағы
Сайранды салады.
Төнөді айдынға
Биік жар қабағы.

Шағала шалықтап,
Ұшады қалықтап.
Айдынға шүйіліп,
Іледі балықты ап...

Судың зор көмегі,
Сусыз не өнеді?
Секілді бал құрғақ,
Мен де өсіп келемін!

Әсем көл аясы —
Құстардың саясы.
Күн батар кезінде
Көркіне қарашы?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері