Қызығамын ініме
Бұл бетте «Қызығамын ініме» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қызығамын ініме,
Балдырған тіліне.
Бөлек оның талғамы,
Сирек жейді алманы.
Тәтті берсең — тақпақ
Айтып береді мақтап.
Көрсе ұшырып торғайды,
Мысығынан қорғайды.
Құлақтарын он бұрап,
Шерітеді домбыра.
Артистерше ән салып,
Қояды өзі тамсанып.
Мысығына зекіріп,
Күледі ол өтірік.
Көрген емес жол таңдап,
Жүгіргенде томпаңдап.
Сіреңкеге тимейді,
Жағуды оны сүймейді.
Қағаз, қалам алады,
Сурет те салады.
Кейде өзінше билейді, —
Көзімнен, кел, сүй, — дейді.
Тура інім қонжықтай,
Бесте әлі ол құрттай.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі