Төрт мезгіл

Бұл бетте «Төрт мезгіл» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Самал желі ескен,
Гүлі жайнап өскен.
Сыңғыр қаққан бұлағы —
Көк көйлекті көктем.

Көңілдің назы,
Көлде үйрек, қазы.
Жеміске бай, ыстық —
Көктемнен соң жазы.

Жер байлығын жиған,
Қоймаға ел құйған.
Сары алтындай түсі —
Күз мақтауға сыйған.

Үстінде аппақ шапаны,
Күмістей мұрт, сақалы.
Төрт мезгілдің атасы —
Әйгілі қыс атағы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері