Батыр болғым келеді

Бұл бетте «Батыр болғым келеді» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған ерлік туралы өлең берілген.

Аты әйгілі баршаға
Ақын болғым келеді.
Тәрбиелі ортаға
Жақын болғым келеді.

Көктің түсін шарлаған
Ұшқыш болғым келеді.
Кеннің көзін барлаған
Геолог болғым келеді.

Капитанша басқарсам,
Суда жүзген кемені.
Космосқа аттансам,
Әлем мені көреді.

Мамандықтың түрі көп,
Игере алсам болғаны.
Мені батыр бірі деп,
Мақтан етсе — озғаным.

Мен — Отанның бөбегі,
Болашағым шақырған.
Батыр болғым келеді
Қайтпас қайсар антынан!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері